Алакөл қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары Алматы қаласында 15-17 қыркүйек күндері Зоология институты ұйымдастырған «Бірыңғай денсаулық» және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы биоқауіпсіздік» тақырыбында өткен тренингке қатысты.
Тренингтің мақсаты – қатысушылардың «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасының қағидаттарын, оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қолдануды, зооноздық аурулар тәуекелдерін, жабайы жануарлардың денсаулығын және ерте ескерту жүйесін түсінуін жақсарту.